Қазақстанда электронды сауда қарқынды дамып келеді

Болжам бойынша, екі жылдан кейін онлайн-сауда нарығы Қазақстандағы бөлшек сауданың 15%-ын құрайды, деп хабарлайды finprom.kz

Euromonitor International халықаралық нарықты зерттеу компаниясының алдын ала мәліметтері бойынша, Қазақстандағы электронды сауда көлемі былтыр 20,2% өсіп, 1,3 трлн теңгеге жетті (интернет арқылы қызмет көрсету саудасын қоспағанда). Бұл бір жыл бұрынғыдан 220,1 млрд теңгеге артық.

Үлкен өнім топтарын қарастырған кезде, санаттардың бірде-біреуі теріс динамика көрсетпегені байқалады. Қазақстандықтар интернет арқылы көбірек сатып алуда. Былтыр онлайн сауданың жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлесті (32,4%) сән сегменті иеленді. Соңғы бір жылда қазақстандықтар интернетте киім, аяқ киім және түрлі аксессуарларды сатып алуға 423,9 млрд теңге (17% көбейген) жұмсаған. Екінші орында тұрмыстық техника мен электроника тұр, бұл санаттың үлесі 27,1%-ды құрады. Жоғары технологиялық тауарлар 11,6% өсіммен 355 млрд теңгеге жетті.

Азық-түлік сегменті де онлайн саудадаға ойысып жатыр. Электронды азық-түлік нарығының көлемі шамамен үштен бірге өсті: 35,4 млрд теңгеден 45,5 млрд теңгеге дейін. Сондай-ақ сусындар мен темекі интернет арқылы әлдеқайда үлкен көлемде сатыла бастады: 69,9 млрд теңге, бір жылда 23,3% көбейген.


Euromonitor International мәлімдеген 1,3 трлн теңге электронды сауданың жалпы көлемі деуге болмайды, ұйым өз статистикасында интернет арқылы көрсетілетін қызметтердің құнын есепке алмайды.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметіне келетін болсақ, мұнда 2022 жылға арналған нақтыланған көрсеткіштер тек мамыр айында жасалады. Сату динамикасын ескере отырып, кезеңдегі жалпы сома 1,5 трлн теңгеден асады деп болжауға болады, өйткені 2021 жылы ҰСБ деректері бойынша барлық сегменттердегі электронды сауданың жалпы көлемі 1,43 трлн теңге болды.


Дегенмен, тіпті қазіргі деректерге қарағанда, 2022 жылы онлайн сауда динамикасы шамамен 2021 жылмен бірдей болғаны анық: сәйкесінше 20,2% (Euromonitor) және 18,1% (ҰСБ). Электронды сауда көлемі бірден екі есе дерлік (97,5%) өскен 2020 жылдың қарқынды өсуі аясында бұл көрсеткіштер салыстырмалы түрде төмен болып көрінуі мүмкін.

Алайда, шын мәнінде, мұндай прогрессивті өсу осы нарықты белсенді шоғырландыру үшін жеткілікті. Бес жыл бұрын онлайн сауда үлесі жалпы сауданың небәрі 2,9%-ын құраса, 2021 жылы ол 9,9% шегінде болды. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің (СИМ) болжамды деректеріне сәйкес, былтыр бөлшек саудадағы электронды сауда үлесі 12%-ға жетті. Бөлім сарапшылары үш жылдан кейін сегменттегі электронды сауда жалпы нарықтың 15%-ын иеленеді деп болжайды (біз тек бөлшек сауда туралы айтып отырғанымызды ескеріңіз).


PwC консалтингтік компаниясы сарапшыларының мәліметінше, Қазақстандағы бөлшек электронды сауданың 83%-ын базарлар алып жатыр (2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы деректер).

Euromonitor International сарапшылары Kaspi.kz маркетплейсін 2022 жылы ҚР-дағы бөлшек электронды сауда сегментіндегі сауда көлемі бойынша ең ірі сауда алаңы деп атады. Компанияның 2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы ашық есебінде бұл онлайн-платформаның таза пайдасы осы кезеңде 36% өсіп, 422 млрд теңгені құраған. Kaspi.kz белсенді тұтынушыларының саны 2021 жылмен салыстырғанда 8 есе өсті.

Рейтингтегі екінші орынды қытайлық электронды сауда магнаты Alibaba Group иеленді. Ресейлік кәсіпкер Татьяна Бакальчуктың «жидек империясы» тізімнің үшінші орнында. ҚР СИМ мәліметінше, 2022 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстандағы Wildberries сатылымы 92,4 млрд теңгеден асты, бұл Қазақстандағы барлық бөлшек электрондық коммерцияның 11,4%-ын құрады. Компанияның негізін қалаушысы Wildberries үлесін әлі де кқбейтуге ниетті. Бұл туралы Татьяна Бакальчук ақпан айының басында ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен кездесуінде мәлім етті. Кәсіпкер компанияның тек Алматы мен Астанада ғана емес, өңірлерде де логистикалық орталықтар салуды көздеп отырғанын айтты.


Дүние жүзінде Euromonitor International сарапшыларының бағалауынша, электронды сауда 2023 жылы 10 трлн АҚШ долларына жетеді. Әлемдік нарықтағы сегмент дамиды және өзгереді. Жаңа үрдістер пайда болады, онлайн платформалардағы тұтынушылардың мінез-құлқы экономикалық өсуге байланысты болады.

Биыл цифрлық сауда үшін қандай үрдістердің өзекті болатынын түсіну үшін Euromonitor International зерттеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша дамудың бес негізгі бағыты анықталды. Ең маңызды трендтердің бірі: интернет-дүкенді сатып алушы тауарды арзанырақ сатып алу мүмкіндігі ретінде қарастырады. Тұтыну шығындарының өсуімен адамдар шығындарды азайтудың жолдарын іздейтін болады. Сатып алушылар адалдық бағдарламаларына қосылу үшін жеке деректерімен бөлісуге келіседі. Әртүрлі қолданбалар мен бағдарламалар да танымал болады, бұл адамға киім немесе аксессуарларды іс жүзінде сынап көруге мүмкіндік береді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2599 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3866
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2533
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3280
26 января родились
депутат мажилиса парламента РК VII созыва
Forbes Video

Кто зарабатывает на инфлюенсерах в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить