ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының 80-ге жуық өкілі сайлауда байқаушы болады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЕҚЫҰ байқаушыларының қысқа мерзімді миссиясының басшысы Ирен Хараламбидеспен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Рейнхольд Лопаткамен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды саяси реформалардың шеңберінде сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістер жайында айтты. Қазақстандағы Парламент сайлауына дайындық және оны өткізу барысын толыққанды бақылау үшін барлық жағдай жасалған. Сайлау процесін ЕҚЫҰ-ның халықаралық байқаушыларының бақылап отырғаны оның ашық және жария өтіп жатқанын көрсетеді.

Өз кезегінде, И. Хараламбидес пен Р. Лопатка Қазақстанның демократиялық даму жолына қолдау білдіретіндерін атап өтіп, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының депутаттары елімізде қолға алынған реформалардың аясында іске асып жатқан барлық негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациясын ерекше ықыласпен бақылап отырғанын жеткізді.

Құрамында 80-ге жуық парламентші бар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясы 19 наурыз күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау үшін елімізге келді. Бұл – ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 1994 жылдан бері Қазақстандағы сайлауды байқауға келген он екінші миссиясы.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2003 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4284
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2980
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3742
11 сентября родились
Наби Айтжанов
генеральный директор ТОО «Казахстанские коммунальные системы»
Forbes Video

Маргулан Сейсембай: о Казахстане в эпоху Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить