Ашимбаев: перед парламентом VIII созыва стоят масштабные задачи

 Ғизат Нұрдәулетов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Нью-Делиде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының он сегізінші кездесуі өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Іс-шара барысында ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы ахуалға қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

Тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда, киберқылмыспен күрес, терроризм мен экстремизмге, заңсыз қару мен ескірткі айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ШЫҰ қызметінің маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ еліміздің мүддесін ескере отырып, қауіпсіздіктің негізгі аспектілері бойынша өзара іс-әрекеттерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Жиын қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының келесі кездесуін Қазақстанда өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Үндістан Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен екіжақты келіссөз жүргізіп, өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Олар екі елдің қауіпсіздік кеңесі аппараттары арасындағы кеңестің төртінші кезеңін Астанада өткізу жөнінде уағдаласты.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2960 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Кто зарабатывает на инфлюенсерах в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить