Еңбекмині марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындауды толығымен автоматтандырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастады.

Бұдан бұрын осы жәрдемақыны проактивті форматта тағайындау кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және Еңбекминінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысуы қажет болып, нәтижесі 7 жұмыс күніне дейін созылатын еді.

Ендігі жерде аталған қызметті проактивті форматта алған кезде жәрдемақы тағайындау ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі, соның арқасында қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Егер де көп балалы ана «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған болса, тиісті мәліметтер Еңбекминінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жібереді. SMS-хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлдем адамның қатысуынсыз автоматты түрде қабылдайды.

Еңбекмині осындай тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде де енгізуді көздеп отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3204 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3863
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2531
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3280
Forbes Video

Алексей Ли: как бизнесмены нового поколения развивают Казахстан

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить