ҚР ҰЭМ-де әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ҚР-дағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының (ӘИҚ) мүшелерімен кездесу өткізді. Іс-шараға қауымдастық басшысы Эмин Әскеров, «Атамекен» ҰКП-ның әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қосалқы комитеттің төрағасы Әйгерім Жаналинова және ӘИҚ басқа мүшелері қатысты.

Кездесу ашық пікірталас форматында өтті. Жиынға қатысушылар елдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының кең ауқымы қарастырылған, оның ішінде салықтық жеңілдіктер, қаржылық және ақпараттық қолдау.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап әлеуметтік кәсіпкерлер үшін Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды.

Тиісті Тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері салалық шектеусіз жеңілдетілген несие алуға үміткер бола алады. Яғни, 7% мөлшерлеме бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, инвестициялық мақсатқа - 1,5 млрд. теңгеге дейін несие қарастырылған, 500 млн. теңге – айналым қаражатын толықтыруға арналған.

Сондай-ақ, оларға инвестициялық мақсатқа 20 млн. теңгеге дейін несие, айналым қаражатын толықтыруға 5 млн. теңгеге дейін 7% мөлшерлемемен шағын несиелер берілетін болады.

«Министрлік әкімдіктерге жеке бизнесті қолдау кезінде әлеуметтік кәсіпкерлер үшін басымдықтарды анықтауды ұсынды. «Даму» қорының, жергілікті бюджеттің және басқа да көздердің аралас қаражаты есебінен түпкілікті мөлшерлемесі 1% құрайтын ШОБ субъектілерін қолдаудың өңірлік бағдарламалары шеңберінде несиелер/микрокредиттер бойынша субсидиялар берілетін болады», - деді Ұлттық экономика министрі.

Қаржылық емес қолдау шаралары аясында бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, кәсіпкерлерге ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету, «іскерлік қарым-қатынастар» құралы және «Мен – Кәсіпкер» жобасы бойынша бизнесті жүргізуді оқыту қарастырылған.

Сондай-ақ, кездесу барысында осы саладағы өзекті проблемаларға қатысты мәселелер көтерілді. Бұл әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін бағалаудың бірыңғай критерийін құру, жобаларды іріктеу, комиссия құрамын қайта қарау, тізілімді қалыптастыру, несие беру кезінде ЕДБ-нің (екінші деңгейлі банк) кепіл саясаты және т.б.

Кездесу қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров барлық айтылған ұсыныстар бойынша Министрліктің ұстанымын белгілеп, әрбір мәселе жеке қаралатынына сендірді. Министр өңірлік сапарлар кезінде әлеуметтік кәсіпкерлер нысандарына баруды жалғастыратынын айтты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4475 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3968
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2654
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3363
4 апреля родились
Рашит Сарсенов
бизнесмен, участник рейтинга "50 богатейших бизнесменов Казахстана"
Forbes Video

Куанышбек Есекеев: 5G, интернет в сёлах и киберспорт

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить