Саудтық әуекомпаниясы биыл Қазақстанға тікелей тұрақты рейстер ашады

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын саудтық «FlyNas» әуекомпаниясының бас директоры Бандер Әл-Моханнамен кездесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстанда соңғы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, атап айтқанда Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен реформаларын іске асыру аясындағы негізгі мемлекеттік институттарды қайта жаңартудың соңғы кезеңіне айналған ҚР парламенті мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындыларымен және жаңа үкіметтің құрамымен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей тұрақты әуеқатынасын іске қосу мәселелерін талқылады.

Б. Арын ҚР үкіметінің екі ел азаматтарының іскерлік және туристік сапарларын жеңілдету жөніндегі шаралары, оның ішінде корольдік азаматтары үшін визасыз режимді енгізу және Қазақстан әуежайларында «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану мүмкіндігі туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Б. Әл-Моханна компанияның қазақстандық тараппен іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға қызығушылығын қуаттап, бұл мақсатта биыл Қазақстан мен Сауд Арабиясы қалалары арасында тікелей тұрақты әуе рейстердің іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл рейстерді «Airbus A330» жаңа ұшақтары жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ, тараптар биылғы қажылық маусымында қазақстандық қажыларды Сауд Арабиясына тасымалдауға қатысты мәселелерді талқылады. Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шешімімен «Flynas» әуе компаниясы еліміздің қажыларын апаратын негізгі әуе тасымалдаушыларының бірі болып белгіленген болатын.

Осы ретте Б. Арын қазақстандық қажыларға барынша қолғабыс көрсетуді, қолайлы бағамен тиісті қызмет көрсетуді және қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді сұрады. Б. Әл-Моханна өз тарапынан биыл қажылық жасауға ниеттенген қазақстандық қажыларға барлық қажетті жағдайлар жасалатынына сендірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның туристік әлеуетін Корольдікте ілгерілетуде өзара іс-қимылды жалғастыруға, оның ішінде екі елдің туристік және әуекомпаниялары мен ведомстволарының қатысуымен төртінші роуд-шоу өткізуге уағдаласты.

«Flynas» әуекомпаниясы – 70 ішкі және халықаралық бағыттар бойынша аптасына 1,5 мыңнан астам рейсті жүзеге асыратын жеке саудтық лоукостер. Компанияның авиапаркінде жаңа «Airbus A320Neo» және «A330» ұшақтары бар.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4102 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3968
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2653
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3363
4 апреля родились
Рашит Сарсенов
бизнесмен, участник рейтинга "50 богатейших бизнесменов Казахстана"
Forbes Video

Ержан Есимханов — о январских событиях, коррупции и неравенстве

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить