Еуроодақ астанасында қазақстандық музыканттар қошеметке бөленді

Брюссель көркем өнер сарайында «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, тенор Медет Шотабаевтың, пианист Дина Мейірманова және виолончелист Талғар Толқынханұлының қатысуымен қазақстандық музыканттардың концерті өтті, деп хабарлайды Бельгия корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған музыкалық кеш әртістердің әлемдік туры аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның солистері мен қонақтарына арнап сөйлеген сөзінде Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгияның BOZAR концерт залында толы зал аудитория жинаған қазақ мәдениетіне деген шынайы қызығушылығы үшін тыңдармандарға алғысын білдіріп, келе жатқан Пасха мерекесімен және қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Қыл-қобыз, сыбызғы, даңғыр, шертер және сазсырнай сияқты көне музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен фольклорлық музыкамен, сондай-ақ Нұрғиса Тілендиев, Абай Құнанбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Джакомо Пуччини, Габриэль Форе, Эрнесто Де Куртис және Стансилаоның Гастальдонның классикалық шығармаларымен қаныққан бағдарламаны жұртшылық аса жылы қабылдап, кеш соңында қазақстандық әртістерді қошеметпен марапаттады.

Брюссель тұрғындары, мәдениет қайраткерлері, еуропалық және бельгиялық мемлекеттік және қоғамдық институттардың өкілдерінен құралған қонақтардың басым көпшілігі дәстүрлі дала музыкасын бірінші рет тыңдап, қазақтың ұлттық костюмдері мен аспаптарын алғаш рет тамашалай алды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, пианист және композитор Ақтоты Райымқұлованың «Түйіскен жолдар» («Crossroads») атты жаңа туындысын автор мен әртістердің бірге орындауы тыңдармандардың ерекше қызығушылығын туғызды.

«Тұран» ансамблінің репертуары дәстүрлі қазақ музыкасының түрлі жанрларын қамтиды. 46 астам көне музыкалық аспаптарда ойнайтын музыканттар тыңдаушыларға алуан философиялық тақырыптарды жеткізу үшін көмеймен ән салу техникасын қолданады. М.Шотабаев – белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Италия жұлдыздары» орденінің иегері, бірқатар халықаралық ән байқауларының жеңімпазы. Д.Мейірманова – танымал пианист және концертмейстер, халықаралық байқаулардың лауреаты. Т. Толкынханұлы – виолончелист, Шанхай консерваториясының магистранты. «Қазақконцерт» әртістерінің гастрольдік туры Нидерландыда, Австрияда, Хорватияда, Словенияда және басқа да Еуропа елдерінде жалғасады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4203 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3968
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2653
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3363
4 апреля родились
Рашит Сарсенов
бизнесмен, участник рейтинга "50 богатейших бизнесменов Казахстана"
Forbes Video

Историк Радик Темиргалиев о том, когда казахи стали казахами

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить