Жұманғарин Әзербайжан тарапына отандық теміржол машиналарын жасаудың экспорт бойынша мүмкіндіктерін таныстырды

Бакудегі пленарлық отырыс қарсаңында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Әзербайжанның энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесті.

Екіжақты кездесу барысында қазақстандық тарап отандық ауыр машина жасау мүмкіндіктеріне тоқталып, өзі өндіретін локомотивтер мен жүк вагондарын жеткізуді ұсынды.

«Әзербайжан нарығы Қазақстанда өңделген өнімдерді экспорттауға зор қызығушылық білдіріп отыр. Жақында ғана қазақстандық өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы өтті, оның қорытындысы бойынша $55 млн-ға металлургия өнімдерін, азық-түлік және кондитерлік өнімдерді жеткізуге келісім-шарттарға қол қойылды. Екі елдің энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы тауарлары саудасы салаларында ынтымақтастықты арттыруға зор әлеуеті бар. Біз барлық мәселе бойынша өзара тиімді және табысты ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз және жаңа ұсыныстарға әрқашан ашықпыз», — деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар тараптар энергетика, байланыс және коммуникация, көлік, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және басқа да салалар бойынша бірлескен жобаларды талқылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2091 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3967
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2653
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3362
4 апреля родились
Рашит Сарсенов
бизнесмен, участник рейтинга "50 богатейших бизнесменов Казахстана"
Forbes Video

Глава банка ВТБ (Казахстан) — об уроках пандемии, развитии финтеха и конкуренции с необанками

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить