Қарағандыда ЖЭО-3 магистралі қайта жаңартылады

Қарағандыда үшінші жылу құбырының құрылысы жалғасуда. Бұл жаңа шағын аудандардағы жылу тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығын аралау кезінде жылумен жабдықтауды жақсарту үшін қандандай жұмыстср атқарылып жатқанын тексерді. Ең алдымен облыс әкімі ЖЭО-3 жанындағы жылу магистралінің учаскесіне барды.

«Жылыту маусымында мұнда тұтынушылардың жылумен жабдықтау сапасына әсер ететін бірнеше ақаулар болды. Биылғы жылы бюджеттен Бірінші учаскеге қаражат бөлінді. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Құбырдың диаметрі жылудың көбірек өтуі үшін ұлғайтылады», – деді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов.

Оның айтуынша, қазір мердігерді таңдау бойынша конкурс жүріп жатыр. Осыдан кейін олар бірден жұмысқа кіріседі.

Сондай-ақ, Қарағандыда кезең-кезеңімен М10 жылу магистралі қайта жаңартылады. Бұл Оңтүстік-Шығыс тұтынушыларына сапалы және үздіксіз жылу береді және жаңа ғимараттарды қосу үшін резервті қамтамасыз етеді. Пришахтинск жылу желілері де жаңғыртылуда.

Ермағанбет Бөлекпаевқа ұзындығы 22 шақырымды құрайтын үшінші жылу құбырының құрылысы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда екі жолақпен шамамен 14 км құбыр төселіп, төрт сорғы станциясының қаңқалары тұрғызылды.

«НС Система» ЖШС бас инженері Сергей Фриктің айтуынша, жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде, алты дәнекерлеу бригадасы мен 52 арнайы техника жұмылдырылды.

Осы жылы сорғы станциялары мен оларды өзара байланыстыратын құбырлардың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Құбырларды төсеу жалғасады.

«Бұл өте маңызды жоба. Жаңа ғимараттарды жылуға қосу үшін болашақта қор қамтамасыз ету қажет. Ең бастысы – жұмыстың сапасы, сондықтан бақылау тұрақты болады», – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Сонымен қатар қалада вандалға қарсы жергілікті материалды қолдана отырып, магистральдық құбырлар оқшаулануда. Бұл қазірдің өзінде жылу шығынын азайтты. Биыл жоспарланған 76,2 шақырым толығымен аяқталады.

Өңір басшысы орамішілік желілерді оқшаулаумен айналысуды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1989 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Как построить бизнес в Казахстане без агашек

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить