Парижде ЕСНО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Парижде ИКАО аймақтық бюросы жанындағы авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ECHO жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында аймақ мемлекеттерінің авиациялық қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктер мен проблемалардың тізбесін анықтау және жасау, авиациялық қауіпсіздіктің жаһандық жоспарын (GASP) тиімді іске асыру, қатерлер мен тәуекелдер туындаған кезде елдер арасындағы жедел үйлестіру, сондай-ақ ИКАО-ның жаңа құжаттары туралы мәселелер қаралды.

Өз сөзінде жұмыс тобы басшысының орынбасары, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры Дархан Катышев жұмыс тобының мүшелері мен ИКАО хатшылығына 2021-2022 жылдар кезеңінде өңірлік ынтымақтастықты жақсарту және авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға және Грузия Республикасына өзара сапарлар жүзеге асырылғанын хабарлады. ИКАО №8973/12 нұсқауына сәйкес аталған елдермен өңірлік ынтымақтастық және үйлестіру туралы келісімдер жасалды.

Кездесу нәтижесінде аймақтағы барлық елдердің авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрақты әлеуетті арттыруға қол жеткізу тетіктері әзірленді және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау саласындағы басым қажеттіліктер мен проблемалардың тізбесі және оларды шешу жолдары жасалды.

ECHO жұмыс тобының келесі отырысын Қазақстан Республикасының аумағында 2024 жылы өткізу жоспарлануда.

Жұмыс тобы 2019 жылы аймақтық деңгейде авиациялық қауіпсіздікті нығайту және Еуропа мен Солтүстік Атлант (EUR/NAT) аймағындағы ИКАО бюросының құрамына кіретін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында құрылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2049 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3863
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2532
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3280
Forbes Video

Тимур Турлов – новый миллиардер из списка Forbes

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить