Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал Эль Шиннави ханыммен кездесіп, мәдениет және туризм салаларындағы бірлескен іс-шаралар мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Ұлы тарихи тұлғаның мерейтойына арналған іс-шаралар бүкіл Қазақстанда өтіп жатыр. Таяу күндері қазақстандық делегация «аз-Захир Бейбарыс» мешітінің ашылуына және Бейбарыс сұлтанға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Мысырға аттанады.
«4 маусымда Каирде қазақстандық артистерінің қатысуымен гала-концерт және Мысырдағы Қазақстанның мәдени күндері аясында қолданбалы өнер көрмесі өтеді. Бұл біздің мәдениет және өнер саласының қызметкерлері үшін өнерлерін паш етуге үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ, биыл қараша айында екіжақты Үкіметаралық комиссияның VI отырысын өткізуді талқыладық», – деп жазды А. Оралов.
Эль Шиннави ханым өз кезегінде ҚР Ұлттық музейінде мамлюк кезеңіндегі ислам мәдениетінің көрмесін өткізу туралы ұсыныс айтты. Мысырлық серіктестеріміз іс-шараны биыл ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Эль Шиннави ханым Мысыр қазақстандық туристер арасында ең танымал үшінші бағыт екенін атап өтіп, 14 күндік өзара визасыз режимді енгізуге қызығушылық білдірді.
Вам может быть интересно: «Евросоюз вновь призвал Пекин сыграть конструктивную роль в установлении мира в Украине»