Президент «Қызылжар-Сүт» фермасына барды

Президентке сүт фермасындағы сауын цехы және мал бордақылау алаңы көрсетіліп, осы кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды, деп хабарлайды Ақорда.

Тауарлық сүт фермасының бірінші кезеңі 2020 жылы іске қосылған.

Былтыр кәсіпорынға 366 миллион теңге инвестициялық субсидия бөлінген және Германиядан симментал және голштин асыл тұқымды ірі қара сатып әкелінген.

Ферма 60 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Президент агроөнеркәсіп кешені басшыларымен және қарапайым жұмысшылармен әңгімелесті.

Олар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығының дамуы тың қарқын алғанын атап өтті.

Президент Солтүстік Қазақстан өңірінде мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыруға мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.

– Біз мұндай өндірістік жобаларға міндетті түрде қолдау көрсетеміз. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы жеңілдікпен кредит беру өз тиімділігін көрсетті. Яғни, қаржыландыру жағынан мәселе болмауға тиіс. Сүт өндірісін тиісті деңгейде ұйымдастыру керек. Бүкіл ел бойынша өз-өзімізді сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін деңгейге жетуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы адал еңбегімен елді көркейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ауыл еңбеккерлеріне алғыс айтты.

Президент облыс басшылығына жаңа фермаларды іске қосу және қолданыстағы шаруашылықтардың өндірістік қуатын арттыру арқылы сүт өндірісі бағытындағы мал шаруашылығын одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2592 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Слабое звено: когда улучшится качество казахстанского образования?
Отечественная сфера образования пытается догнать мировые тренды
8 мин. 185
В Великобритании заявили, что не заставляют Казахстан выбирать себе торговых партнёров
Что пишут о Казахстане: обзор зарубежной прессы (24 апреля)
3 мин. 259
Казахстан за год импортировал товаров на $53 млрд, которые мог бы производить сам
Зачастую зарубежный товар дешевле, чем казахстанский
4 мин. 402
Лучшие по доходности ПИФы от BCC Invest превзошли депозиты
Достичь высоких показателей компании позволили текущая инвестиционная стратегия и рыночная конъюнктура
5 мин. 12262
Данные о неожиданном сокращении запасов нефти в США подбодрили Brent
При этом прогнозировался рост запасов
3 мин. 3297
Казахстанский стартап EasyTap вышел на рынок Узбекистана
Он уже подключил к сервису первых партнёров
51 сек. 4512
Forbes Video

Газиз Абишев: бунт Пригожина, будущее России и Казахстана

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить