Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Режеп Тайип Ердоғанды құттықтап, Қазақстанға шақырды

 Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Режеп Тайип Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтті.

Президент бауырлас екі мемлекеттің сан ғасырлық ортақ тарихы мен мәдениетінің тамыры тереңде жатқанын атап өтіп, Түркиямен арадағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Түркия президенті мемлекет басшысына алғысын айтып, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, кеше Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті.

Бүгін таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында әріптесіне жылы лебізін жолдаған болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2852 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Максим Кантор: В текущих реалиях роль Центральной Азии возрастает неимоверно
Очередным гостем Forbes Club стал европейский художник, писатель, историк искусства
3 мин. 1132
Кайрат Итемгенов выделил 1,3 млрд тенге пострадавшим от паводков
Об этом компания Aqniet Group сообщила 26 апреля
33 сек. 1588
Журналиста российского Forbes задержали по уголовному делу о фейках об армии
Основанием для задержания стал репост публикации о событиях в Буче
2 мин. 1219
Какой прогресс совершают участники программы «Стажёр АНПЗ»
Образовательный холдинг «Учебный центр APEC» рассказывает о тенденциях современного образования
5 мин. 7589
Российские СМИ: Лондон включился в схватку за Центральную Азию
Что пишут о Казахстане: обзор зарубежной прессы (25 апреля)
3 мин. 5680
Forbes Video

Андрей Звягинцев: откровенное интервью

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить