Қазақстан ғалымдары қытайлық мамандармен сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша әріптестікті нығайтты

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Jiangsu Forceset Vibration Control Technology Co., LTD компаниясымен жер сілкінісіне төзімді құрылыс бойынша бірлесіп жұмыс істеуді көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

Кездесу барысында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, озық технологияларды қолдану, бақылау жүйелерімен қамту, сондай-ақ кәсіби мамандарды даярлап, біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды.

«Өзара тиімді әріптестік арқылы алдағы уақытта қазақстандық және қытайлық мамандардың қатысуымен нақты бірлескен жобаларды жүзеге асырамыз деп есептейміз», - дейді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Құлбаев.

Өз кезегінде қытайлық компания өкілі сейсмикаға төзімді құрылыс бағытына сәйкес Қазақстанмен тәжірибе алмасып, өз технологияларымен бөлісуге дайын екендерін жеткізді.

Аталған меморандумның аясында тараптар ғылыми қызметкерлердің әлеуетін күшейтіп, тәжірибе алмасу, екі елдегі ғимараттар мен құрылыс нысандарының жер сілкінісіне қарсы қауіпсіздігін нығайту үшін сейсмикалық демпферлеу және оқшаулау технологиясын қолдану жөніндегі бірлескен зерттеулерді жүргізуге уағдаласты. Сонымен қатар, ерекше ғимараттар мен құрылыстарды жобалау бойынша бірлескен арнайы техникалық шарттарды әзірлеп, сейсмикаға төзімді құрылыс теориясы мен тәжірибесі жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарланған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1778 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4340
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3062
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3799
10 октября родились
Айдан Карибжанов
участник рейтинга «50 богатейших бизнесменов Казахстана», председатель совета директоров Visor Holding
Айдан Карибжанов
владелец Visor Kazakhstan, участник рейтингов богатейших и самых влиятельных бизнесменов Казахстана
Андрей Цалюк
заместитель председателя правления KASE
Шерхан Раздыков
генеральный директор ГЦТ «Алматытелеком»
Кадыр Байкенов
экс-министр энергетики и топливных ресурсов РК, председатель совета Союза инжиниринговых компаний РК
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить