Бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, оның 51,4% ұлдар болса, 48,6% – қыздар, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының Telegram арнасына сілтеме жасап.
Статистика бюросының мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі таңда қалалық жерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерде – 2 497 мың бала бар.
Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласында (592) және Алматы облысында (498) тұрады.
Вам может быть интересно: «Токаев принял уполномоченного по правам ребенка Аружан Саин»
