Былтыр 4 560 ресейлік Қазақстанның көш-қон заңнамасын бұзған

 Былтыр 4 560 ресейлік Қазақстанның көш-қон заңнамасын бұзған. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап ретінде берілген қосымша анықтамада айтылған.

«Кейінгі 5 жылда Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзатын шетелдіктердің құрамы соншалық өзгерген жоқ. 2020-2021 жылдары енгізілген шектеу шаралары кезеңінде көшіп келген/кеткен шетелдіктер санының да, көші-қон заңнамасын бұзудың анықталған жекелеген фактілерінің де айтарлықтай төмендеуі байқалды», - деп жазылған ресми анықтамада.

Құжатта келтірілген дерекке сүйенсек, былтыр ел аумағына 9 миллионнан астам шетелдік кірген.

«2022 жылы елге 9 067 432 шетелдік кіріп, 8 943 217 адам шыққан. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 62 407 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 43 480 Өзбекстан азаматы, 4 560 Ресей азаматы, 3 567 Тәжікстан азаматы, 1 187 Әзірбайжан азаматы, 1 611 Қырғызстан азаматы, 1 720 Түркия азаматы, 480 Түрікменстан азаматы, 159 Ауғанстан азаматы бар.

Былтыр ел аумағынан 6 317 шетелдік шығарылды. Олардың көпшілігі Өзбекстан – 4341, Тәжікстан – 524, Ресей – 322, Әзірбайжан – 206, Түркия – 413, Түрікменстан – 57 азаматтары. Шетелдіктердіқабылдай отырып, қажетті құжаттарды ресімдемеген 26 612 Қазақстан азаматына әкімшілік жаза қолданылды. Оның ішінде шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 2119 жұмыс беруші жазаланды», - деп жазады Әлихан Смайылов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2120 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3781
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2438
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Бахт Ниязов: как живет венчурный инвестор в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить