Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді, шекті балл - 75

 Бүгін, 1 маусымда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталады. Тіркелу ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2023 жылғы 15 шілдеге дейін өтеді, деп хабарлайды  орталықтың баспасөз қызметі.

Тест тапсырушылар өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім бағдарламасы тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізе алады.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің жеке кабинетінде жарияланады.

Кешенді тестілеудің өзі 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

«Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіліп, үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім бағдарламасы тобының бейіні бойынша тест. Бұған, жалпы алғанда, 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», – дейді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, ал бейінді магистратураға - 50 балл.

Кешенді тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін бірден апелляцияға өтініш бере алады.

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылына магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант бөлінді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3008 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3781
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2438
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить