Ошурбаев Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болды

 Үкімет қаулысымен Мансұр Тұрсынұлы Ошурбаев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мансұр Ошурбаев 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жетекші маман болып бастаған.

2010-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.

2016-2017 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.

2017-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы.

2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры болды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3121 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3782
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2438
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3191
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Как Дамир Аманжолов боролся с мародерами и помогал раненым во время беспорядков в Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить