Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымының серпіні үдемелі өсуді көрсетіп отыр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ресейлік әріптесі Дмитрий Патрушевпен кездесуінде Қазақстан мен Ресейдің агроөнеркәсіптік кешендегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Кездесу қазақстандық делегацияның Мәскеуге сапары аясында өтті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымының серпіні үдемелі өсуді көрсетіп отыр және өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,6 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 24%-ға жоғары.

Ербол Қарашөкеев елдердің арасындағы сауданы ұлғайту, оның құрылымын жақсарту, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, қазір Қазақстан Ресейге тұз, макарон және кондитерлік өнімдер мен күрішті экспорттап жатыр. Ал көрші елден негізінен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, сусындар, шоколад және май сатып алады.

Бүгінде мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша өзара шектеулер бөлігінде бірқатар мәселелер бар.

АШМ мен Россельхознадзордың Ресейге тұқым материалын әкелуге уақытша шектеулер енгізу туралы кейбір шешімдері отандық бизнесте алаңдаушылық туғызып отыр. Ербол Қарашөкеев бұл жұмыста ЕАЭО шеңберіндегі өзара жеткізілімдер жөніндегі уағдаластықтарды ескеру және әріптестік қағидаттарын ұстану қажеттігін атап өтті.

Қазақстан аграрлық ғылымды дамыту және жеке ауыл шаруашылығы бизнесі үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ кездесу аясында министрлер АӨК-ті цифрландыру, мемлекеттік қолдау шаралары және саланы кредиттеу бойынша тәжірибе алмасу мәселесін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы, атап айтқанда агроинновация, аграрлық ғылым, ветеринария, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бағыттары бойынша ынтымақтастық жөніндегі жеке ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін қарастырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2257 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3781
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2438
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Почему Байтасов хочет стать акимом Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить