Елордада ертең ашық аспан астында гала-концерт өтеді

 1 шілде күні елорданың 25 жылдығына орай ашық аспан астында «Аялаған Астана» гала-концерті өтеді, деп хабарлайды  қала әкімдігінің ресми сайты.

«Аялаған Астана» – дарынды балаларды сахна өнерінің барлық құпиялары мен шоу-бизнес негіздеріне үйрететін еліміздің жас жұлдыздарының нағыз фабрикасы. Жоба тәлімгерлері – режиссура, вокал, хореография, актерлік кәсіп, имидж және стиль шеберлері. Жобаның арқасында қатысушылар шығармашылық ортада болып, керемет кәсіби тәжірибені үйрену мүмкіндіктеріне ие болады. Бүгінгі күні «Аялаған Астана» жобасы нағыз ұлттық брендке айналды», - делінген мәліметте.

Республикалық балалар байқауы 2 кезеңмен өтеді. Бірінші кезең – өңірлер бойынша іріктеу, екінші кезең – финал. Байқауда 8 – 12 жас аралығындағы балалар эстрадалық-вокал жанрында өнер көрсетіп, бақ сынайды.

Айта кетейік, «Аялаған Астананың» алғашқы кезеңі 2013 жылы ұйымдастырылды, содан бері 9 кезең өтті. Жоба арқасында көптеген жұлдыздар, олардың ішінде Мұхамедали Жүгінісов, Данелия Төлешова, Болат Батырбаев, Жәнел Сәдуақас сынды жас өнерпаздар танылды. Жеңімпаздар мен лауреаттар қазір беделді халықаралық фестивальдарда өнер көрсетіп жүр.

1 шілде күні (басталуы – сағат 20.00-де, Тұран даңғылы, 2/6/ амфитеатр) өтетін гала-концертке әлемдік деңгейде жетістікке жеткен өткен жылдарғы байқау финалистері қатысады.

Ал биылғы жылы үздік атанған қатысушы балалардың «Новая волна» халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғайтын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1715 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
Forbes Video

Газиз Абишев: бунт Пригожина, будущее России и Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить