Ақтау қаласында Каспий теңізінде 5 адам құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға 28 маусымда болған. Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мобильді құтқару бекетінің жедел-құтқару жасағы 14, 26 және 28 жастағы адамдарды судан құтқарған.
«Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар тағы екі жігітті құтқарды. Олардың барлығы жабдықталмаған жерде шомылған. Медициналық көмек қажет болмады», - делінген мәліметте.
Вам может быть интересно: «Майк Пенс встретился в Киеве с Владимиром Зеленским»
