Қазақстан азаматы «Қордай» өткізу бекетінде 1 келі гашишпен ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
«23 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде қызметтік иттің көмегімен шекаралық бақылау жүргізілген. Оның барысында 1 келі гашиш есірткі затын өткізуге әрекеттенген Қазақстан азаматы анықталды.
Одан әрі тексеріс жүргізу үшін ұсталған адам және тәркіленген есірткі полиция органдарына тапсырылды», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Вам может быть интересно: «Марат Карабаев предложил увеличить объем производимого полипропилена в Атырау»
