Түркістан облысының Келес ауданында этномәдени бірлестіктер орталығы салынады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жергілікті тұрғындармен өткен кездесуде Абай ауылында этномәдени бірлестіктерге арналған орталық салу мәселесі көтерілген болатын. Осы мақсатта Абай ауылы әкімдігінің теңгерімінде орналасқан ескі мақта қабылдау пунктінің аумағында бос жатқан көлемі 0,36 га жерде мұражай салу үшін қажетті құжаттар рәсімделе бастады.
Бұдан бөлек, жаңа буынды дамыту орталығы бойынша бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге облыс бюджеті есебінен қажетті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа тапсырыс беруші облыстық Құрылыс басқармасы болып табылады. Бұл туралы аудан орталығында тұратын тұрғындармен кездесуде аудан әкімі Жәнібек Есенұлы атап өтті.
«Ынтымақ, Маусым, Қожамберді батыр, Отан, Мәдениет көшелерін сапалы электр қуатымен қамту бағытында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз мердігер анықталды. Абай ауылындағы №105 жатақхана ғимаратына табиғи газ тарту мәселесі алдағы уақытта шешімін табатын болады. Сондай-ақ Абай ауылының бас жоспарына өзгеріс енгізуге ұсыныс берілді. Бас жоспарға өзгерістер енгізіліп, бекітілгеннен кейін құжаттандыру жұмыстары жүргізіледі», - деді аудан әкімі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сәйкес, кездесу барысында аудан әкімі Абай ауылының инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Ауыл аумағында жолдардың 93% асфальтталған. Бүгінде 10 көшеге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сметалық құжаттар әзірленген. Оның ішінде 8 көше (Маусым, Бәйтерек, Д.Қонаев, Т.Рысқұлов көшесінің №4 өткелі, Ж.Шаяхметов, Шығыс С.Баубеков, №10 көшелер) орта жөндеуге (асфалть төсеуге) мемлекеттік сараптамадан өткен. Алдағы уақытта қаржы қаралуына орай, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Вам может быть интересно: «Марат Карабаев предложил увеличить объем производимого полипропилена в Атырау»
