Ақтөбеде «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар өндірген өнімді сатуға арналған алғашқы павильон ашылды

Мұнда округтің елді мекендерінен «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы 6 жеке қосалқы шаруашылықтың өнімі ұсынылған. Ақтөбеліктер қолжетімді бағамен жаңа және сапалы сүт өнімдерін, шоколадпен қапталған құлпынай, тары, жент, ірімшік, кұрт және т.б. сатып ала алады, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.
Сауда нүктесі Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі кәсіпкерлерінің бастамасымен ашылды. Павильонның ашылуына жоба қатысушылары барлығы 4,5 млн теңге жұмсаған.

Мәртөк ауданы – «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда көшбасшы. Аудан тұрғындарынан жобаға қатысу үшін 864 млн теңгеге 167 жоба қабылданған, 91 жоба іске асырылуда. Жобаның арқасында Тәңірберген ауылдық округі белсенділік танытып келеді, мұнда жұмыссыздық жойылды.

«112,2 млн теңгеге 25 жоба мақұлданды. 10 отбасы құс шаруашылығымен, 7 жеке қосалқы шаруашылық – өсімдік шаруашылығымен, 8 – шағын бизнес ашумен айналысуда. «Ақтөбе» ӘКК-де тағы 5 жоба қаралып жатыр. Біз оларға облыс орталығынан сауда нүктесін ашып, өнімді сатуға жәрдем көрсетуге уәде бердік. Ауыл тұрғындары өндірісті жолға қойды, ал біз тікелей өткізу нарығын ұйымдастырдық», – деді ауылдық округ әкімі Медет Бекжанов.

Жалпы, өңір бойынша 6,5 млрд теңгеге «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға 1337 өтінім берілді, 1006 жоба мақұлданды, 2,1 млрд теңгеге 485 жоба қаржыландырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2169 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
Forbes Video

Смертность от инсульта снижает казахстанский стартап

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить