1,5 жылдан бері алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1% арзандады. Жылдық мәндегі ӘМАТ индексі - 109,1%, деп хабарлайды ұлттық статбюро.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 зат кіреді.
Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.
Баға өзгерісі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.
Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
Айран 2,5% – 411 тг/л
Күріш – 436 тг/кг
Қырыққабат – 133 тг/кг
Вам может быть интересно: «Экоактивистка Грета Тунберг в Киеве встретилась с Владимиром Зеленским»
