Астанада алғаш рет параволейболдан Азия чемпионаты өтеді

Елорданың 25 жылдығына орай 3-8 шілде аралығында «Жекпе-жек сарайы» спорт кешенінде алғаш рет параволейболдан Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлайды.

Жарысқа Азияның 8 елінен, соның ішінде Қазақстан, Жапония, Тайланд, Иран, Ирак, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Үндістаннан 200-ден астам спортшы қатысады.

Чемпионат жеңімпаздары 2024 жылы Парижде өтетін XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензия алады.

«Біз тарихта алғаш рет елордамызда волейболдан Азия чемпионатын өткізіп отырмыз. Мұндай деңгейдегі халықаралық жарыстарды ұйымдастыру әрқашан үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өйткені мұндай іс-шаралар мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға ықпал етеді. Осы іс-шара барысында мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау алып отырмыз. Бізге «Спорт қоры», «Самұрық-Қазына» және Астана қаласы әкімшілігі де қолдау көрсетіп жатыр. Бірлескен күш-жігердің арқасында чемпионаттың жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін», – деді Қазақстан Параволейбол федерациясының бас хатшысы Батыр Қадырбайұлы.

Алдағы чемпионатта Қазақстан ерлер мен әйелдер санатындағы ұлттық құрамаларын таныстырады. Айта кету керек, Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық аренада бірнеше дүркін жеңімпаз атанып, әлемнің үздік командалары рейтингінде 7-ші, Азия елдері арасында 2-ші орында тұр. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы мұндай чемпионатқа бірінші рет қатысайын деп отыр.

Чемпионаттың ашылуы 3 шілде күні сағат 11:00-де «Жекпе-жек сарайы» спорт кешенінде өтеді. Алғашқы ойындар сол күні сағат 10:00-де басталып, Қазақстан құрамасы Жапония құрамасымен ойнайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2386 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3784
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2439
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3192
Forbes Video

Нуртас Адамбай: ислам - решение всех проблем?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить