Жыл соңына дейін елімізде 21 халықаралық спорт турнирі өтеді

Биылғы жыл соңына дейін Қазақстанда балалар-жасөспірімдер және параспорт жарыстарын қоса алғанда, түрлі көлемдегі 21 халықаралық турнир өтеді, бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.

Атап айтқанда, елімізде бадминтоннан Kazakhstan International Series 2023 халықаралық турнирі (қазан-қараша), сондай-ақ бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы турнир (желтоқсан) жоспарланған. Сонымен қатар еркін күрестен Д.Қонаев атындағы халықаралық жарыс (қазан-желтоқсан), жеңіл атлетикадан А.Тұяқовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир (желтоқсан), үстел теннисінен 2023 WTT contender Almaty (29 тамыз — 3 қыркүйек) жарыстары және басқа да спорт сайыстары бар.

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен: армрестлингтен әлем чемпионаты (тамыз-қыркүйек), джиу-джитсудан AJP Tour Astana Championship халықаралық турнирі ұйымдастырылады.

Параспорт: волейболдан Азия чемпионаты (шілде) өтеді.

«Халықаралық турнирлерді ұйымдастырудың бірнеше мақсаты бар. Ең алдымен, бұл спортқа деген жалпы қызығушылықты арттыру және оны танымал ету. Сондай-ақ мұндай жарыстар біздің спорттық инфрақұрылымымызды пайдалануға, оның әлемдік стандарттарға сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Ал спортшыларымыз жоғары деңгейде құнды тәжірибе алады. Әрине, осындай іс-шараларды ұйымдастыру кезінде біз шығындарды барынша азайтуға баса назар аударамыз», - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2146 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3781
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2437
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Ректоры крупнейших частных вузов Казахстана о проблемах образования

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить