82 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қолға түсті

Теміртауда танысы зейнеткердің банк картасынан 6 миллионнан астам ақша шешіп алған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

Полицияға 82 жастағы зейнеткер белгісіз біреу ақпараттық технологияның көмегімен банк қосымшасы арқылы есепшотынан 6 млн 175 мың теңге шешіп алғаны туралы хабарлаған. Бұл туралы зейнеткер банктен есепшотында ақша қалмағаны туралы хабарлама келгенде білген. Криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады.

«Күдікті зейнеткердің танысы болып шықты. Ол жәбірленушіге үнемі көмектесіп, дүкенге барып азық-түлік алған уақытта зейнеткердің банк картасы арқылы төлемақы жасаған. Жәбірленушінің есепшотындағы ақшаны шешіп алу үшін басқа шотқа бірнеше рет ақша аударып, кейін оны шешіп алғанын мойындады», – деп жазылған хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты ҚК 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2444 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3954
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2635
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3350
25 марта родились
Ерулан Жумаубаев
министр финансов РК
Алихан Байменов
председатель управляющего комитета Регионального хаба в сфере государственной службы
Forbes Video

Ержан Есимханов — о январских событиях, коррупции и неравенстве

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить