Парижде Домбыра күні аталып өтті

Ұлттық Домбыра күні мерекесіне орай Қазақстанның Франциядағы Елшілігі концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Оның барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық конкурстар мен фестивальдердің лауреаты, «Өнертану» қауымдастығының профессоры Ерболат Мұстафаев бірқатар танымал және сирек күйлерді орындады.

Мерекелік концертке Франциядағы қазақ және қырғыз диаспораларының, қазақстандық азаматтар мен студенттерді біріктіретін қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен Қырғызстан Елшісі Садык Шер-Нияз сөз сөйлеп, ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту ісінде домбыраның халықтарымыздың асыл қазынасы ретіндегі ерекше маңызын атап өтті.

Іс-шара барысында Е. Мұстафаев Құрманғазы, Дәулеткерей, Нұрғиса Тілендиев, Әбдімомын Желдібаевтың және де басқа қазақ халқының атақты күйшілерінің шығармаларын орындады. Сонымен қатар әйгілі домбырашы қонақтарға осы ежелгі аспаптың тарихына және қазақ күйші-композиторларының өміріне байланысты оқиғалар туралы әңгімеледі

Мәдени шараға қатысқан қазақстандықтар мен диаспора өкілдері де ұлттық аспапты меңгеру шеберліктерін көрсетті. Олар бірлесіп «Күй тартыс», «Көңіл толқыны» және «Балбырауын» күйлерін орындады.

Бұл іс-шара Қазақстанның мәдени мұрасын елден тыс жерлерде насихаттау және сақтау жөніндегі үлкен бастаманың бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1727 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Руслан Шаекин: Миллионер из Караганды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить