ҚР ИИДМ басшысы ЕАЭО-ның өнеркәсіп саясат жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты

«ИННОПРОМ-2023» халықаралық өнеркәсіп көрмесі аясында ЕАЭО өнеркәсіп саясат жөніндегі кеңесінің отырысы, сондай-ақ «Ресей-Қазақстан өнеркәсіп кооперациясы» панельді сессиясы өткізілді

Аталған іс-шараларға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев қатысты. Ведомство басшысы ЕАЭО-ның өнеркәсіп саясат жөніндегі кеңесінің маңыздылығына тоқталды.

«Өнеркәсіп саясат жөніндегі кеңес барлығымызға өзара ақпарат алысып, іс-әрекеттерімізді үйлестіруге және бірлескен шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіпті дамыту бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін маңызды қадамдардың бірі. Бұл одаққа мүше мемлекеттердің қарым-қатынасына, оның ішінде тәжірибемен бөлісіп, озық технологиялардың трансфертіне жағымды әсер етеді», деді Марат Кәрімжанұлы.

Отырыста Еуразиялық экономикалық одақтың аясында өнеркәсіп кооперациясына қаржылық жәрдемдесудің жаңа тетігін іске асыру мәселелері, ЕАЭО-ның болашақ өнеркәсіп саясатының жобалары және ұйым шеңберіндегі технологиялық ынтымақтастықтың перспективалары мен оны қолдау шаралары қаралды.

Бұл ретте Екатеринбургте «ИННОПРОМ-2023» XIII халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Көрмеге әлемнің 50 елінен келген делегаттар қатысып жатыр. Еліміздің делегациясын ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастап барғанын айта кету керек. Оның құрамында ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев, өңірлік әкімдіктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері бар.

Сондай-ақ осы сапар кезінде «Синара – Көлік машиналары» компаниясының құрылтайшысымен кездесу және РФ үкіметі төрағасымен бірге көрменің жұмысымен танысып, аралау жоспарланған.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1767 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Маргулан Сейсембай: о Казахстане в эпоху Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить