Астанада LRT құрылысына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«LRT желісі құрылысының аумағын дайындау шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Министрліктер үйі мен «Қазақстан» Орталық концерт залы ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмысы жүріп жатыр.
Осыған байланысты 10 шілдеден 15 тамызға дейін Сығанақ көшесінің Есіл өзені арқылы өтетін көпір тұсынан бастап «Қазақстан» ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, Мәңгілік е л даңғылы , Арай көшесі және «Тұлпар» көпірі нің учаскелерінде орташа жөндеу жүргізіл іп жатыр. Осыған байланысты 11-17 шілде аралығында Ә.Кекілбаев көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік ел даңғылы бойынша қозғалыс жабылады.
Вам может быть интересно: «Союзники Украины работают над совместным документом о долгосрочных гарантиях ее безопасности»
