Бас прокурор Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен кездесті

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен кездесті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қадағалау органының басшысы Балалар омбудсменін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін жаза күшейтілді. Мұндай істер бойынша шартты түрде соттау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды.

Тараптардың татуласуына байланысты осы санаттағы қылмыстық істерді тоқтатуға тыйым салынды.

Бұдан басқа, «Прокуратура туралы» Конституциялық заңда прокурордың кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін тексерулер жүргізу және өтініштерді қарау жөніндегі өкілеттіктерін көздейтін новеллалар бекітілген.

«Прокуратура органдары үшін балаларды қорғау әрқашан басымдыққа ие болды және болады», - деп атап өтті Бас Прокурор.

Жеке мәселе бойынша балаларға қатысты жыныстық қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеудің тиімділігін арттыру шаралары талқыланды.

Әрбір осындай іс бойынша қылмыс тіркелген сәттен бастап әрекет ететін «ерекше қадағалау» тетігі белгіленген.

Өз кезегінде Динара Закиева балалардың, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді.

Кездесу барысында тараптар жұмыста тығыз өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2958 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3206
Forbes Video

Бахт Ниязов: как живет венчурный инвестор в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить