Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Облыс әкімінің 31 шілдедегі бұйрығымен Қамысты ауданының әкімі Бекмұхамедов Ғазиз Ерболатұлы өкілет мерзімі аяқталғаны мен өтініш жазғанына байланысты қызметінен босатылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бекмұхамедов Ғазиз Ерболатұлы бұл қызметті 2017 жылдың шілдесінен бері атқарып келді.
Бұған дейін Қостанай облысының Әулиекөл ауданын басқарған Ерлан Теміров орнынан кеткен болатын. Ол да өкілет мерзімінің аяқталуы мен өтініш беруіне байланысты лауазымын босатты.
Вам может быть интересно: «В Жамбылской области в здании бывшей резиденции президента открылся учебно-оздоровительный центр »
