Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 410 колледжді 500-ге жуық кәіпорынның шефтік қамқорлыққа алуы бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Шефтік қамқорлық көрсететін кәсіпорындар колледждерің қорғаншылық және өндірістік кеңестеріне енді, олар педагогтердің кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтуіне, колледждердің лабораторияларын жабдықтауға қолдау білдіреді. Сондай-ақ студенттердің әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен кәсіби және өндірістік тәжірибеден өтуі ұйымдастырылады.
300 мыңнан астам студент кәсіби тәжірибемен қамтылған, 5 мыңнан астам педагог шефтік көрсететін кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждерде шефтік кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім бағдарламалары жаңартылды.
Биыл техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына 10 мыңнан астам студент мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша міндетті жұмысқа орналастыру тәртібімен оқуға қабылданады.
Вам может быть интересно: «План гуманитарной помощи ООН в Украине профинансирован лишь на 30%»
