Англияда өтіп жатқан паражүзуден әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали күміс медальді жеңіп алды. Ол чемпионаттың финалында брасс әдісімен жүзуден 100 м қашықтықты 1:05.16 уақытта бағындырды. Дистанцияны бірінші болып неміс спортшысы Енгел Талисо 1:03.26 уақытымен келсе, үшінші болып АҚШ спортшысы Давид Абрахамс 1:05.55 уақытымен аяқтады.
Айта кетсек, паражүзуден әлем чемпионаты шілденің 31 мен тамыздың 6 аралығында Англияның Манчестер қаласында өтуде. Жарысқа 67 мемлекеттен 600-ден астам спортшы қатысуда. Әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғауда: Нұрдаулет Жұмағали, Сиязбек Далиев, Андрей Афанасьев, Наталья Звягинцева және Роман Потапов.
Вам может быть интересно: «Украина и Польша вызвали послов друг друга»
