2023 жылдың алғашқы үш айында қазақстандық қонақүйлер 43 млрд теңге табыс тапқан

2023 жылдың алғашқы үш айында қазақстандық қонақүйлер 43 млрд теңге табыс тапқан. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.

Қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтады.

Айта кету керек, жыл басында Қазақстанда қонақүйлердің саны 4 мыңға жетті. Олардың жалпы сыйымдылығы 203 мыңнан астам орынды құрайды.

«Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақүй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан - 8,5 есе, Үндістаннан - 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан - 3,8 есе, Ираннан - 3,8 есе, Германиядан - 3 есе, АҚШ-тан - 2,2 есе артып отыр»,- деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2042 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2439
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3192
Forbes Video

Мовчан: Казахстан не может жить идеально, когда в мире проблемы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить