Кәсіпкерлер мәселесін шешу арқылы отандық бизнестің даму серпінін сақтау қажет - Смайылов

- Үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың орта бизнес өкілдерімен кезекті кездесуі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұл жолы кездесуге Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау өңірлерінің кәсіпкерлері қатысты.

Кәсіпкерлерді қолдау және ынталандыру мақсатында Үкімет инфрақұрылымды дамыту, жеңілдетілген қаржы бөлу және отандық өндірушілер салықтық жеңілдіктер, субсидиялар және басқа да қолдау түрлерін ала алатын офтейк-келісімшарттар жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Кездесу барысында орта бизнес өкілдері өз қызметтері жайлы тоқталып, бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар жеңілдетілген несиелендіру мен субсидиялау, мал азығын дайындау, жол құрылысы, көтерме сауда-тарату орталықтары мен көкөніс қоймаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Бұдан басқа, Алакөл және Балқаш көлінің демалыс аймақтарын дамыту барысы жан-жақты талқыланды.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының орта бизнесті дамыту әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.

Жалпы соңғы үш жылда аталған өңірлерде 17 мыңнан астам жоба түрлі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды

«Кәсіпкерліктің даму қарқыны жақсы. Экономикадағы ШОБ үлесі 36,5%-ға дейін, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 18%-ға өсті. Бизнестің нақты проблемаларын шешу арқылы бұл трендті сақтап қалу керек», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы қазіргі уақытта республикада бизнеске қойылатын артық реттеу талаптары қысқартылып, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру жүргізіліп жатқанын, бұл келесі жылдан бастап тәуекелдерді басқару жүйелері негізінде арнайы маманның қатысуынсыз тексеру тағайындауға мүмкіндік беретінін айтты.

Бұл тексерулер санын азайтып, олардың тиімділігін арттырады.

Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға кәсіпкерлердің ұсыныстарын мұқият зерделеуді және кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді пысықтауды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2740 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2439
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3192
Forbes Video

Forbes Kazakhstan продолжает серию интервью в рамках рубрики Q&A. На этот раз бизнес-аналитик Батырхан Тогайбаев поговорил с известным отечественным бизнесменом Кайратом Мажибаевым

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить