4 млн берсең, сені әкім қылам: Астанада алаяқ әйел лауазымды қызметтерді сатқан

 Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алаяқтық жасау фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды соттың ресми сайты.

«Д. есімді азамат А-дан Кентау қаласының әкімі лауазымына жұмысқа орналастырам деген уәдемен 4 млн теңге сомасында ақшалай сыйақы сұрап, оның 650 мың теңгесін алдын ала алған. Одан бөлек, аталған азамат М-дан 3,6 млн теңге көлемінде ақша алып, жалпы сомасы 4 млн теңгеге банк директоры лауазымына орналастыруға уәде еткен. Сотталушы өз кінәсін толық мойындамады. Д-ның кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, хат-хабар скриншоттарымен, аудиохабарлама және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді», - делінген сот үкімінде.

Үкімде айтылғандай, айыпталушыға жаза тағайындау барысында келген шығынның жартысын қайтарғаны және 3 кішкентай баласының бары ескерілді.

«Сот үкімімен Д-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1, 4 тармақтарының 3-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды» деп жазылған елорда сотының ресми ресурсында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2991 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Диагноз казахстанской экономике

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить