Ресейлік бойжеткен жігіт кейпіне еніп, астананың қыз-келіншектерін алдап соққан

Әлеуметтік желіде 26 жастағы ресейлік бойжеткен жалған профиль ашып, әйелдердің бастарын айналдырып, ақша алып жүргені анықталды. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Никита есімді жігіт болып танысқан алаяққа 31 жастағы елорда тұрғыны 130 мың теңге аударып жіберген. Алданғанын түсінген әйел полицияға жүгінеді.

Анықталғанындай, ер адамның атын жамылған күдікті романтикалық хат алмасу арқылы әйелдердің сеніміне әбден кіріп алады. Мұнан кейін интимдік сипаттағы фотосуреттерін алып, оларды әлеуметтік желіге саламын деп қорқытады. Сөйтіп, фотосуреттерін таратпауды өтінген бикештерден ақша талап етеді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған, 5 алаяқтық іске қатысы бар Ресей азаматы анықталды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шетелдік бойжеткен ұсталып, түзеу мекемесіне қамалды.

Осы орайда, Астана қаласының Полиция департаменті желі арқылы танысудан сақ болуға шақырады.

Виртуалды таныстарға шамадан тыс сену қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Оларға жеке ақпаратты жария етпеуіңіз керек және сізге қауіп төндіретін интимдік фотосуреттермен бөліспегеніңіз жөн
, - деп ескертеді елордалық полицейлер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3196 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Главы крупнейших частных школ Казахстана о том, растет ли качество среднего образования в стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить