Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесті

Алакөл ауданында малдың барлық түрлерінің саны ұлғайды, ет өндірісі 5 пайызға артып, 9,3 мың тоннаны құраған. Сол сияқты аймақта балық шаруашылығы дамып келеді. Мәселен, аудандағы 7 балық өсіру шаруашылығы мен 3 балық өңдеу кәсіпорны осы жылдың 6 айында 1,1 мың тонна балық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 338 тоннаға артық. Бұл туралы Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты,  деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындармен кездесуінде баяндама жасаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудағы аяқ-алысына сараптама жасап, алдағы міндеттерін белгіледі.

Ол Алакөл ауданының жылына 70 млрд. теңгеге дейін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретінін айтты. Егістік, мал шаруашылығы, суару каналдарын жөндеу жоспарларын баяндап, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару шараларының әлі де баяу екенін тілге тиек етті.

- Мен биыл көктемде аудан халқымен кездесуде ең алдымен халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жер комиссиясының құрамын өзгертіп, жұмысын барынша ашық, әділ жүргізу туралы тапсырма бердім. Ал аудан әкімдігі биылғы жылдың басынан бері бірде-бір конкурс өткізбеген. Оған қажетті қаражатқа сұранысты тек мамыр айында ұсынған. Тапсырмам неге орындалмады? Халыққа қалай түсіндіресіз? – деп аудан басшысының жұмысын сынға алған Б.Исабаев жерге орналастыру жобасын тамыз айының аяғына дейін әзірлеп, қыркүйек айында ауыл шаруашылығы жерлерін табыстау үшін конкурс жариялап, жыл аяғына дейін жұмысты толық аяқтауды тапсырды.

Баяндама айтылғандай, «Достық-Мойынты» теміржол желісін салу жобасы аудан аумағы арқылы жүзеге асырылуда. Өңірдің өнеркәсіп өнімінің көлемін ұлғайту үшін жергілікті «Алакөл-Көмір» асфальтбетон зауыты мен «Евгей ЛТД» қиыршықтас зауытын жобаға қатыстыру туралы келісімдер болған. Жобадағы жергілікті мазмұнды іске асыру үшін аудан әкімдігі тыңғылықты жұмыс жүргізуі керек. Біріншіден үлкен жобаға қатысу алакөлдік кәсіпорындардың ісін ілгерілетсе, екіншіден, жергілікті тұрғындарды жоба аясындағы жұмыс орындарына тарту арқылы халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы Алакөл ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Бұл ретте «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауданнан 251,9 млн. теңгеге 34 өтінім түскен. Соның 31-і немесе 91 пайызы мал шаруашылығын дамытуға берілген. «Бағдарламаның басты бес бағытын ескерсек, ауданның туризм, шекара маңында кәсіпкерлікті, әсіресе қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндігі бола тұра бұл бағыттарда өтінімдер ұсынылған жоқ», - деп атап өтті Б. Исабаев.

Дегенмен Алакөлдің ең басты артықшылығы – көл жағалауындағы туризм. Осы орайда облыс басшысы жол құрылысының, электр желісінің, кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарына егжей-тегжейлі тоқталды. Облыс басшысының айтуынша, өткен жылдың тамыз айынан бастап Ақши ауылында 67,4 шақырым электр желілерін қайта жаңарту және салу жүргізілуде, құрылыс осы жылдың қазан айында толық аяқталады. Биылғы жылдың сәуір айында екі трансформатор сатып алуға облыстық бюджеттен 105 млн. теңге бөлінді. Алайда, аудан әкімдігі конкурстың қорытындысын әлі шығармаған. Осы жағдайға байланысты шұғыл түрде басқа жоғары қуатты трансформатор жеткізіліп, орнатылды. Жалпы 2024-2026 жылдары «Ақши», «Көктұма» жаңа қосалқы станцияларын, жалпы ұзындығы 273 шақырым болатын «Ақши-Бескөл», «Көктұма-Ақтоғай» жоғары вольтты электр желілерін салу жоспарлануда. Жобалардың болжамды құны 47 млрд. теңге. Соның нәтижесінде Алакөл жағалауында электр энергиясының қажеттілігі мен үздіксіз берілуі толық қамтамасыз етіледі.

Бүгінге Алакөл ауданында 56 елді мекеннің 46-сы немесе
82 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Алдағы жылдарға жоспарланған жұмыстарды іске асыру нәтижесінде 2026 жылға ауданда бұл көрсеткіш 92,8 пайызға жетеді. Ал осы жылы Алакөл ауданының жергілікті автомобиль жолдарын қайта жаңартуға, жөндеуге және күтіп ұстауға 1,4 млрд. теңге бөлініп отыр.

Сол сияқты өңірде тұрғын үймен қамту бойынша, өткен жылы барлығы 60 пәтер берілсе, осы жылдың аяғына дейін 162 пәтер кезекте тұрғын мұқтаж азаматтарға беріледі. Келесі жылы да осы қарқын сақталып, тұрғын үй кезегі 170 адамға азаяды.

Бұдан бөлек облыс әкімі ауыз су, газдандыру, жол жөндеу, білім мен мәдениет, денсаулық пен спорт салаларындағы жұмыстарға да тоқталып, тиісті тапсырмалар берді. Оған қоса өткен жолғы кездесуде көтерілген мәселелердің қалай шешілгені жайлы баяндады.

- Алакөл ауданы, біріншіден, Қытаймен шекаралас аймақ, екіншіден аумағынан темір жол өтеді, үшіншіден, мал саны жағынан алда. Оған туристік мүмкіндігін қосыңыз. Осының бәрі аудан экономикасының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Дегенмен Президенттің айтып отырғанындай, ең алдымен бізге қағаздағы көрсеткіштер емес, қарапайым халықтың қолымен ұстап, көзімен көретін тұрмыстық жағдайларын жасау маңызды. Халықтың үніне құлақ асу арқылы тұрғындардың мәселесін шешу жолдарын қарастырып, алдағы жұмысымыздың бағытын айқындаймыз. Аудан басшылығының да негізгі бағдары осы болуы керек, - деді Б.Исабаев.

Мұнан соң залдан тұрғындар сұрақтар беріп, сауал қою барысында Ақши ауылына электрді үздіксіз беру, жағалаудағы қоқысты тазарту, астықты экспортқа шығаруға квота алу, Үшаралдағы Бейбітшілік, Жандосов, Ынтымақ көшелерінің жолын жасау, жарығы мен суының мәселесін шешу, қала сыртындағы жеке шаруашылыққа электр жарығын тартуға қолдау көрсету сияқты бірқатар мәселелер көтерілді. Сол сияқты Инстаграм әлеуметтік желісіндегі әкімдік парақшасы арқылы да бірнеше сауал қойылды. Жауаптардан белгілі болғанындай, Үшаралдағы Бейбітшілік, Жандосов, Ынтымақ көшелеріне жарық та, су да тартылған, жуырда іске қосылады, ал жолының жөндеуін облыс әкімі келесі жылға қарастырып көруді тапсырды. Жаңбырлатын суару технологиясын орнатқанымен, оны тиімді пайдалану үшін Үшарал қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан жеке шаруашылыққа электр желісі керек. Ол үшін облыс басшысы шаруашылық иесіне «Бизнестің жол картасы» арқылы өтініш беру қажеттігін айтты. Көлбай ауылына мәдениет үйі мен ауылдық аурухана қажет деген тұрғын Б.Шатырбаевтың көтерген мәселесі шешімін табады. «Ауыл – ел бесігі» бойынша ауылда медицина нысанын салу жоспарда бар. Ал мәдениет үйі жергілікті бюджеттен салынатын болады. Барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, шешімінің заңдылық жолдары түсіндірілді, нақты шаралар қабылдау үшін аудан әкімдігі мен тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Осы күні Бейбіт Исабаев аудан тұрғындары үшін қабылдау өткізді. Қабылдауға кірген азаматтар негізінен тұрғын үймен қамту, еңбек ардагеріне көше атауын беру, жетім балаға оқу грантын беру туралы мәселелермен жүгінді. Олардың барлығының мәселесі заң аясында қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2757 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить