Жетісу облысының құтқарушылары «Қауіпсіз жаз» акциясын өткізді

Жаз мезгілдік сипаты мен ауа-райын ескере отырып, лагерьлердің өртке қарсы жағдайына көп көңіл бөлінеді. Балалар көптен күткен демалыстарын жазғы балалар лагерьлерінде қызығушылықпен және пайдамен өткізеді, деп хабарлайды Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі. 

2023 жылдың 19 шілде күні Талдықорған қаласындағы «Күншуақ» балалар сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз демалыс» акциясы өткізілді. Бұл акция балалардың судағы мінез-құлық қауіпсіздігінің негізгі ережелеріне, өрт кезіндегі әрекеттерге және басқа да төтенше жағдайларға қызығушылығын дамытуға бағытталған.

Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері балаларға, тәлімгерлерге және лагерь басшылығына суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын, өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша, қандай да бір төтенше жағдайлар кезінде қандай іс-әрекеттер жасау керектігін балаларға өздерінің құтқару және басқа да жұмыстарды орындайтын киім-кешектерін, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті.

Балалар белсенді сұрақтар қойып, құтқарушылардың жұмысына деген қызығушылықтарын көрсетті. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап ала отырып, құнды білім алды. Құтқарушылар мұндай практикалық сабақтардан кейін балалар тұрақты және төтенше жағдайларға дайын болады деп санайды.

Іс-шараны қорытындылай келе, Талдықорған қаласында ауа райы + 41 градус көрсетіп тұрғанда, өрт сөндірушілер балаларға нағыз субұрқақ ұйымдастырды,балалар шын жүректен көңіл көтерді. Бүлдіршіндер өз ара әсерлерімен бөлісті,біздің құтқарушыларымыз кішкентай мереке қатысушыларға ұнағанын көріп өте қуанышты болды.Олардың көпшілігі құтқарушы болып, адамдарға көмектескісі келетінін айтты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3783 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Что не так с национальной политикой Казахстана?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить