ШҚО ТЖД Ұлан ауданында жанған өртті сөндіруге өрт сөндіру пойызын жұмылдырды

2023 жылғы 5 тамызда Ұлан ауданының Смолянка ауылының шетінде таулы жерде шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Жел оттың таралу қаупін тудырды. Өртті сөндіруге жедел түрде орманшылар, жергілікті атқарушы органдар мен ШҚО ТЖД жеке құрамынан 71 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.

"Қазавиаорманкүзеті" МИ-2 тікұшағымен жетуі қиын жерге өрт сөндіру десанты жеткізілді.

Сонымен қатар ШҚО ТЖД өрт шыққан орынға құрамында 10 адамы бар "КТЖ ҰК" өрт сөндіру пойызын жіберу туралы шешім қабылдады.

Өрттің таулы, жартасты жерде орын алуы сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Бірлескен іс - қимылдар арқасында жақын маңдағы елді мекенге өрттің таралу қаупі сейілді.

20 сағат 35 минутта шамамен 9 га аумақта өрттің оқшауланғаны хабарланды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3257 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить