Солтүстік Қазақстан облысында бизнесті дамыту мәселелері талқыланды

Өңірге жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Атап айтқанда, қатысушылар қайта қаржыландырудың базалық мөлшерлемесінің өзгеруі, рубль бағамының үрдісі, инфрақұрылымды жүргізу және т. б. мәселелерді көтерді.

Кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап бере отырып, ведомство басшысы қазір инфляция тұрақтанып жатқанын атап өтті. 7 айдың қорытындысы бойынша ол 14% деңгейінде қалыптасып, біртіндеп төмендейді. Жыл соңына дейін 9,5-10% деңгейінде болады деп болжап отырмыз,-деді ол.

«Өкінішке орай, өткен жылы пайыздық мөлшерлемеге, инфляцияға қатты әсер еткен белгілі бір сыртқы жағдайлар болды. Біз жағдайдың тұрақтануын күтеміз. Экономиканың өсуі байқалады. Өндіріс дамып келеді. Мемлекет, соның ішінде Бизнестің жол картасы арқылы көмектеседі. Ағымдағы жылы 260 млрд. теңге қарастырылған. Бұл өткен жылдан 100 млрд.теңгеге артық», - деді министр.

Бұдан әрі ҰЭМ басшысы СҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінде болды. Онда негізгі жұмыс бағыты, сондай-ақ тарифтік саясат және желілерді үздіксіз қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін инвестиция тарту талқыланды. Министр тариф белгілеу мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыруды және халықпен кері байланысты күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, ведомство басшысы "Даму" қорының өңірлік филиалында болды. Ә.Қуантыров Қордың атқарған жұмысымен танысты.

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 44,8 млрд.теңге сомасына 545 жоба субсидияланды. 12,2 млрд. теңге сомасына 444 жобаға кепілдік берілді.

Осында министр азаматтарды жеке қабылдады. Облыс тұрғындары өз мәселелерін шешуге көмек сұрады. Олар жаңа құс фабрикасын іске қосу үшін субсидиялауға және кепілдендіруге қаражат бөлуді, өңдеу өнеркәсібін қолдауды, баға белгілеуге және қоғамдық маңызы бар нарықтарды реттеуді сұрады.

ҰЭМ басшысы мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып, азаматтар айтқан кейбір ұсыныстар мұқият қаралатынын атап өтті. ҚР ҰЭМ құзыретіне жатпайтын проблемаларға келетін болсақ, олар тиісті мемлекеттік органдарға берілетін болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2283 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3782
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2438
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3191
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Ректоры крупнейших частных вузов Казахстана о проблемах образования

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить