Үкімет резервінен Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінеді

ҚР Үкіметі Маңғыстау облысының тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін шаралар қабылдауда. Үкімет резервінен Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту» жобасын аяқтауға 5,08 млрд теңге қаражат бөлінді. ҚР премьер-министрі Ә. Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

«Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту мәселесі – мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Жоба 2021 жылғы 22 қыркүйекте ҚР президентінің қатысуымен өткен «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» кеңестің хаттамасын орындау аясында іске асырылып жатыр.

Есепке сәйкес жобаны аяқтау зауытқа ауыз су өндіру көлемін тәулігіне 40 мың м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бұрынғы өнімділігі бұдан екі есе аз болған.

Осы жылдың 5 шілдесінде Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Ә. Смайылов жобаның іске асырылу барысымен танысты. Үкімет басшысы Маңғыстау облысының Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының 180 мың тұрғыны үшін зауытты іске қосудың маңызы зор екенін атап өтті.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 80%-ға орындалды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1772 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Андрей Мовчан: мигранты, курс рубля, инфляция

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить