Бүгін Қазақстанның 2 қаласына жайсыз метеороогиялық жағдай қалаптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«2023 жылғы 08 тамызда Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Вам может быть интересно: «Польша разместит еще 1000 военнослужащих на границе с Беларусью»
