Кедендік баж ставкалары бекітілді

Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 2 тамыздағы № 631 қаулысын қабылдады, онда мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2023 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР НҚА ЭКБ-да 2023 жылғы 4 тамызда электронды түрде жарияланған).

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) Кеден кодексінде кедендік алымдардың түрлері мен мөлшерлемелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында белгіленетіні белгіленген.

Қаулы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Кеден органдарының тауарларды шығаруға, көлік құралдарын кедендік алып жүруге байланысты кедендік операцияларды жасағаны, сондай-ақ өзге де әрекеттерді жасағаны үшін алынатын міндетті төлемдер кедендік алымдар болып табылады.

Мемлекеттік кірістер органдары шығындарының жыл сайынғы индекстелуіне байланысты кедендік алымдар ставкалары айлық есептік көрсеткіштерде (АЕК)белгіленген.

Қаулымен халықаралық почта жөнелтімдерінде өткізілетін экспресс-жүктер мен тауарларды декларациялау кезінде кедендік алымның нөлдік ставкасы белгіленген, сондай-ақ тауарға декларация ретінде мемлекеттік кіріс органына көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарға ілеспе құжаттармен бірге жазбаша өтініш немесе тауарлар тізбесі ұсынылады.

Сондай ақ қаулы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік алым алуды көздейді.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымды төлеуші кедендік декларацияны бергенге дейін немесе бір мезгілде төлейді. Декларант, тасымалдаушы, кеден өкілі немесе өзге де мүдделі тұлғалар кедендік алымдарды төлеушілер бола алады.

Төлеушілер (заңды/жеке тұлғалар) ақшалай қаражатты КБК 106201-ге аударуды жүзеге асырады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3054 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Маргулан Сейсембаев про собственный бизнес, стратегию инвестирования и институте репутации

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить