Избежать уплаты налогов на более чем 1 млрд тенге помогло столичное ОПГ, выписывая фиктивные счета-фактуры
Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары болып Ерлан Тюлюпов тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ерлан Қуанышұлы Тюлюпов 1979 жылы Семейде дүниеге келген.
2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін аяқтады. 2014 жылы Шпайер қаласында Неміс әкімшілік басқарма университетінде «әкімшілік ғылым магистрі» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Қаржы министрлігі жүйесінде 2000 жылдың қазан айынан қызмет етеді. Еңбек жолын Астана қаласы Қазынашылық департаментінің жетекші маманы болып бастап, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Семей қалалық қазынашылық басқармасының басшысы, Қазынашылық комитеті Заң қызметі басқармасының басшысы, ҚР ҚМ Бюджеттік заңнамасы департаменті Бюджетті атқару әдіснамасы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2018 жылғы 20 наурыздан бері Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментін басқарды.
Вам может быть интересно: «Сенатор Менендес призвал Кыргызстан перестать помогать России уклоняться от санкций»
