Шүкірбұлақ және Аюсай бөгеттерінің құрылысы қалай жүріп жатыр

 Алматы қаласына жұмыс сапарының бірінші күні Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қорғас өзенінде және Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде салынып жатқан селден қорғау құрылыстарының барысымен танысты, деп хабарлайдыведомство сайты.

«Шүкірбұлақ» сел ұстайтын бөгеттің құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасын және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы Қорғас өзенінде бірлескен сел ұстайтын бөгет салудағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Бөгеттің сел сақтау сыйымдылығы – 10 млн текше метр, биіктігі – 50,70 метр, ұзындығы – 534 метр. Баяндалғанындай, қазір Қазақстан тарапынан объекті 80%-ға дайын.

Құрылыс барысымен танысқаннан соң Сырым Шәріпханов жауапты құрылымдарға жұмыстың сапалы орындалуын қамтамасыз ете отырып, қарқынды жеделдету жөнінде тапсырмалар берді.

Бұл халықаралық жоба болғандықтан, қорғау құрылыстары Қазақстан Республикасында да, Қытай Халық Республикасында да тек Қорға өзенінің жағаларында орналасқан елді мекендердің ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылым объектілерінің де (көпірлер, автожолдар, электр беру желілері, газ және мұнай құбырлары, темір жолдар және т.б.) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

photo

Қазақстан бөлігіндегі трансшекаралық Қорғас өзенінің жоғарғы ағысында 40 мұздақ көл, ал Қытай бөлігінде 20-ға жуық көл орналасқан. Қорғас өзені сел қаупінің бірінші санатына жатады. Оның негізгі су жинау алаңы 9 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.

photo

Алматы үшін маңызды объект – Үлкен Алматы өзенінің бассейніндегі «Аюсай» сел ұстайтын бөгеттің құрылыс барысы да министрдің жеке бақылауында. Бөгет салынып жатқан жерде «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қайрат Бекенов министрге жұмыстардың аяқталу сатысында екенін хабарлады. Сырым Шәріпханов «Қазселденқорғау» ММ мен құрылыс ұйымының басшылығына құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен мерзімдерін қатаң сақтап, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі туралы тапсырма берді.

«Аюсай» бөгетінің құрылысы сел тасқынынан болатын қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік береді. Ол Алматы қаласындағы Бостандық, Алмалы аудандарының халқы мен объектілерін сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Жоба бойынша бөгет биіктігі 41 метрден асады, сел сақтау көлемі – 2,3 млн текше метр.

Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндері сел қаупінің бірінші санатына жатады. Тек Үлкен Алматы өзенінің бассейнінің өзінде ғана 89 мұздық, 20 мұздақ-мұздық көлдер мен Үлкен Алматы көлі орналасқан.

Қорғалатын аумақ (Үлкен Алматы өзенінің аңғарында) – ұлттық табиғи парктің бөлігі, онда Алматы ГЭС каскадының объектілері, Алматы автожолы – Үлкен Алматы көлдері орналасқан, сондай-ақ көптеген демалыс аймақтары, дәмханалар мен мейрамханалар салынды, олар жұмыс істеп жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1409 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Кризис логистики в Казахстане

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить