Ерлан Қарин репрессия құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемкомиссия отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Мемлекеттік комиссия ғылыми-зерттеу және баспа жобалары бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда. Архивтік зерттеулер белсенді жүргізілуде. Жабық қорлардың материалдарын цифрландыру және құпиясыздандыру жұмыстары да жалғасуда. Биыл басым жобалар айқындалды. Сондай-ақ жергілікті ғалымдарды ынталандыру, өңірлік комиссиялардың материалдарын шығаруды жүйелеу міндеттері қойылған болатын», – деді отырысты ашқан Мемлекеттік кеңесші.

Отырыста негізгі баяндама жасаған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрлік өңірлік комиссиялардың ғылыми-зерттеу және баспа қызметін сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Өңірлік комиссия мүшелері ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында архивтерде, тарихи өлкетану музейлерінде, архивтік құжаттар мен материалдарды жинақтап, талдау жасауда. Бұл бағытта Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және облыстарда өңірлік комиссиялар архив материалдарын іздеу, жинау және талдау жұмыстарын іске асырып жатыр», – деді ведомство басшысы.

Комиссия отырысын қорытындылаған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру, архив қорларындағы материалдарды терең әрі тыңғылықты зерделеу, баспа қызметін дамыту бойынша нақты тапсырма берді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1577 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3790
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2444
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3198
Forbes Video

Как Дамир Аманжолов боролся с мародерами и помогал раненым во время беспорядков в Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить