Юрий Мельниченко грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болды

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мельниченко грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан крүрес федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов мәлім етті.

Бұл тағайындауға дейін Юрий Мельниченко бас команданың кеңесші жаттықтырушысы болған.

«Юрий Мельниченконың ұлттық құраманың бас бапкері болып екінші рет тағайындалып отыр. Сидней Олимпиадасынан кейін Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің бұйрығымен ол ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған. Екі жылдан соң оның басшылығымен Пусан қаласында XIV жазғы Азия ойындарында ел құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Афиныдағы Олимпиада ойындарында грек-рим балуандар екі медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болған», -деді Аспандияр Есенжолов.

Енді Юрий Мельниченконың ұлттық құраманың бас бапкер ретіндегі алғашқы турниры Дортмунд қаласында өтетін «Grand Prix Germany» халықаралық турнирі болмақ.

Айта кетейік, Юрий Мельниченко 1997 жылы халықаралық күрес федерациясының шешімімен «Грек-рим күресінен планетаның ең үздік балуаны» атанған болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1751 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Кризис логистики в Казахстане

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить